«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты

Қазақ ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан Қаныш Сәтбаевқа арналған көркем фильм көрерменге жол тартты, деп хабарлайды 24KZ.

Туынды академиктің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертеді. Киносүйер қауым бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай алады. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбеттің еңбегі халықаралық кино байқауларда үздік деп танылған. Атап айтсақ, 2022 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен фестивалде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алса, былтыр «Үздік азиялық көркем фильм», «Үздік концепция», «Қоршаған орта жайында үздік көркем фильм» сынды 3 бірдей аталымды жеңіп алды.

Ерлан Нұрмұхамбет, фильмнің режиссері:

- Біз бұл жерде тек 26 жасында барлау жағына барып, өзінің ашқан жерлерін сол уақытты алып көрдік. Соғысқа дейін. Жалпы 15 жылдық кезеңді. Бірақ та бұл кісінің өте көп кино түсіретін қырлары бар.

Әсет Есжан, басты рөлді сомдаушы:

- Бір ерекшелігі, барлық Қаныш атамыздың басып өткен жерлердің бәріне бардық. Яғни, туған ауылы Баянауылға, қазба байлықтарын тапқан Ұлытауға, Жезқазғанға, Сәтбаев, Қарсақбай, қызмет еткен жері, Алматы, вокзал, бүкіл Қаныш атамыздың басып өткен жерлерін түсіруге тырыстық.