«Набат операциясы» фильмі көрерменге жол тартты
Шынайы оқиғаға негізделген «Набат операциясы» фильмі көрерменге жол тартты.
Ернұр Рыспаевтың туындысы 1992 жылғы айтулы оқиға жайлы өрбиді. Кинода қылмыскерлер, жолаушылар автобусын басып алады. Адамдарды кепілге алып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен, ұшақ пен мол ақша талап етеді. Нәтижесінде мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің арнайы бөлімшелері «Набат» операциясын жүргізіп, қылмыскерлердің көзін жояды. Фильмнің басты ролін Бақыт Қажыбаев пен Әйгерім Жүнісова сомдады. 1992 жылы жүргізілген бұл операция Тәуелсіздік тарихында кепілдікке алынған азаматтарды құтқару бағытындағы алғашқысы болды.
Бақыт Қажыбаев, басты рольді сомдаушы:
- Жалпы бұл роль күрделі болды десем болады. Өйткені бұл кісінің мойынындағы жауапкершілік жоғары болды. Автобустың ішіндегі әрбір адамның өмірі тікелей осы адамның мойынында болды десем болады.
Азамат Сатыбалды, Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті:
- Ең біріншіден тарихи оқиға. 1992 жылы болған оқиға. Криминалды драма. Және бұндай кино қазір бізге керек. Сондықтан да осы бағытқа қарай. Сол оқиға көрерменнің есінде қалуы керек.