Елордада «Гүлдер» ансамблі концерт өткізді
Елордада «Гүлдер» хореографиялық және музыкалық ансамблінің жеке концерті өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Эстрада әншілері көпшілікке танымал «Мен деп ойла», «Әдемі-ау», «Водовоз», «16 қыз», «Гитара және мен» әндерін шырқады. Ал, «Гүлдер» ансамблінің балеті көрермен назарына «Бипыл», «Қорқыт», жаңа – «Қытай биі», «Дала әуені», «Көңіл толқыны» сынды би қойылымдарын ұсынды. Әуезді ән мен әсем би салтанат құрған әсерлі кеште «Жер ана» вокалдық-хореографиялық композициясының тұсауы кесілді. Жаңартылған құрам түрлі байқауларда топ жарып, көрермен қошеметіне бөленіп жүрген талантты өнерпаздардан құралған.
Анвара Садықова, «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері:
- Репертуарда өте көп шығармалар, репертуарды құрастырған кезде біздің негізгі мақсатымыз – алтын қорға енген билер, әндер соны сақтап қалу. Қазіргі заманауи үнімен көрсету және жаңа туындыларды шығару. Біз өйткені үлкен кісілерге де, орта буынға да, жастарға да қызықты болуымыз керекпіз. Соған тырысып жатырмыз.