Теңізде 56 адам коронавирус жұқтырды

Теңізде 56 адам коронавирус жұқтырды
Иллюстративті фото

Атырау облысында бір тәулікте 94 адам коронавирус жұқтырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қауіпті індетке шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 24 науқас бар.

Теңіз кенішінде 56 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 2, Қызылқоғада – 1, Индерде – 1, Құрманғазы ауданында 10 адамнан Сovid-19 анықталған.

Коронавирустың симптомды түрі 27 науқаста байқалған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 68 адам емделіп шықты. Қазір үй жағдайында ем алып жатқан науқастар 333 адамға жетті. Сондай-ақ облыстық инфекциялық стационарда 87, аудандардағы стационарларда 37, ал, Теңіз кенішіндегі стационарда 626 адам ем қабылдап жатыр» деп хабарлады басқармадан.

Ал осыған дейін Теңіз кенішінде 88 жұмысшы коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.