СҚО-да мереке күндері 23 өрт оқиғасы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында мереке күндері 23 өрт болып, бір адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай Тимирязево ауылында болған. От ер адам ұйықтап қалғанда шыққан. Ал Петропавлда тура Жаңа жылдың алдында тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен отқа оранды. Құтқарушылар 125 адамды шұғыл түрде далаға шығарып, автобустарға жайғастырған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның нақты себеп-салдары анықталып жатыр. Жалпы мереке күндері полиция қызметкерлеріне 1600 шақырту түскен.

Орал Әбдірахманов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда себебі электротехникалықпен байланысты. Енді өрттің нақты неден шыққаны қазір анықталуда. Және осы материалдық шығын немесе жаңағы өрттің себебі анықталуда. Қазіргі таңда ол анықталуда.