Түркістан облысында пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Түркістан облысының полицейлері пәтер ұрысын қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол кешкі сағат 20:30 шамасында өзінің үйінен белгісіз біреу «Hyundai» маркалы теледидары мен тюнерін ұрлап шығып бара жатқанын айтқан. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Хабар алсымен тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, күдіктіні қылмыс үстінде қолға түсірді. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Мас халде ұрлық жасаған күдікті қолды болған заттарды сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсамақ болған. Қазіргі таңда өз кінәсін толығымен мойындаған күдікті ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.