419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жеңілдікпен берілетін пәтер санын 10 мыңға ұлғайту жоспарланып отыр

  • 148
  • UPD: 10:15, 19.01.2021
Елордада жеңілдікпен берілетін пәтер санын 10 мыңға ұлғайту жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында былтыр Отбасы банкі елордада 11 мыңға жуық пәтер үлестірген болса, биыл бұл көрсеткіш артатынын мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Отбасы банкінің (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) түрлі мемлекеттік бағдарламалары – баспана мәселесін шешудің тиімді тетіктерінің бірі. Оның ішінде «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламалары да бар. Бүгін ұйым басшылығымен осы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Былтыр Отбасы банкі елордада 11 мыңға жуық пәтер үлестірген болса, биыл бірлесе отырып бұл көрсеткішті арттырамыз.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатырмыз. 2019 жылы 2 900 пәтер, 2020 жылы 8 мың пәтер салынды. Биыл жеңілдікпен берілетін пәтер санын 10 мыңға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Пәтерді халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан басқа Отбасы банкінде кезекте тұрғандар да ала алады.

Сондай-ақ қаңтар айында «жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 350 пәтер береміз. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам пәтер беріледі. Қолжетімді тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстарды жүйелі негізде жүргізіп жатырмыз», - деп жазды қала әкімі.

Хабар 24 телеарнасы