Өскеменде үш автобус жүргізушісі жол-көлік апатына себепші болған

Өскемендегі қоғамдық көлік жүргізушілері жол ережесін мүлде сақтамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізушілер қауіпсіздік белдігін тақпайды. Кейбір жүргізушілер тізгінде келе жатып, ұялы телефонмен сөйлеседі. Тіпті кез келген жерге тоқтай беретіндері де бар. «Автобус» жедел шарасы кезінде полиция қызметкерлері осындай олқылықтарды анықтаған. Арнайы рейд барысында бір күн ішінде қоғамдық көліктерге қатысты 40 ереже бұзу дерегі тіркелді. Үш автобус жүргізушісі жол-көлік апатына себепші болған. Қаладағы қоғамдық тасымал саласында жүрген техникалардың қазір 60 проценті ескі. Сондықтан полициялер автопарк басшыларына кемшіліктерді түзету жөнінде ескерту берді. Ал ережені өрескел бұзған 40 жүргізушіге айыппұл салынды. 

Мақсат Заданов, қалалық полиция басқармасының инспекторы:

– Осы шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайын тексеріп жүргізушілердің көлік алды медициналық және техникалардың сараптамадан өтуін қадағалаймыз.