Атырау облысында карантин талаптары күшейтілді

Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты өңірдің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап мұнайлы өлкедегі қоғамдық тамақтану орындары таңғы 09:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары шектеу шеңберінде ғана қызмет көрсетпек. Яғни, қаулы бойынша таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Ал сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсетуге тыйым салынды.

Гүлназ Ербатырова, облыстық бас санитарлық дәрігерінің орынбасары:

- Фитнес-орталықтар, спорт кешендері, олардың сенбі-жексенбі күндері жұмысына шектеу қойылды, қызметіне тоқтау салынды. Сонымен қатар монша, спа-салондардың жұмыс күні 22:00-ге дейін, ал сенбі-жексенбі күндері қызметіне тоқтау енгізілді.