Елімізде 2 миллиард түп ағаш отырғызылады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ.Тоқаев осылай деп мәлімдеді.

«Сонымен қатар, менің тапсырмаммен 2 миллиард түп ағаш отырғызылады. Қоршаған ортаға ешқандай оң әсері жоқ, қаражатты құр игеруді көздейтін жасанды шараларға жол бермеу қажет. Сондықтан ағаш отырғызуға лайықты орындарды анықтау үшін ғалымдармен және жұртшылықпен бірлесіп, кәсіби талдау жүргізген жөн», – деді Мемлекет басшысы.

Одан қалды Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеу тапсырылды. Президенттің айтуынша, қоршаған ортаны қорғау ісіне қажетті барлық көрсеткіштерді цифрландыру – маңызды міндеттердің бірі.