Шетелден 249 адам ПТР анықтамасыз келді

Кеше елімізге шет елдерден 249 адам ПТР тестілеудің анықтамасынсыз келді. Барлығы қонған қаласында тест тапсырып, карантиндік стационарларда нәтижесін күтіп жатыр.

Жалпы кеше елге Германия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірлігі, Мысыр, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсімен 2 мың 55 жолаушы келді. Оның мың 806 сында  ПТР-тестілеудің теріс нәтижесін көрсететін анықтама болған.