Шымкентте вакцина салудың екінші кезеңі басталды

Шымкентте «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакциналау науқанының екінші кезеңі басталды. Бұл үшін қалаға аталған вакцинаның тағы да 1000 дозасы жеткізілді.

Ол  қалалық қан орталығындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақталып, бүгіннен бастап  емханаларға таратылды. Ресейден алдырылған вакцинаны қазір шаһардың бас дәрігері саналатын денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бас мемлекеттік санитар дәрігер екінші кезеңде де алғашқылардың бірі болып екпе алды. Шымшаһарда 10 мыңдай дәрігер болса, соның 80% вакцина салдыруға келісім берген дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар. Вакцина әуелі дәрігерлерге сосын полицейлер мен педагогтарға салынады. Оларға шамамен екпе наурыз айында жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін қалада бірінші жарты жылдықта 100 мың адамға коронавирусқа қарсы адамға екпе егу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, тек вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және қатаң локдаунның жалғыз баламасы. Бұған дейін қалаға аталған вакцинаның 1000 дозасы әкелінген болатын.

Бақытжан Позилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұл екі компоненттен тұрады. Біріншісін салдырған адам міндетті түрде екіншісін салдыру керек. 1 ақпанда мен салдырдым. Салдырған соң менде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Ауырсыну, өзімді басқаша сезіну дегендей. 21 күн бойы мені дәрігерлер бақылауда ұстады. Үнемі хабарласып, жағдайымды біліп. Сондай-ақ салдырған 1000 адамның барлығы осындай бақылауда болды. Бүгін мен біршама уақыттан кейін вакцинаның екінші бөлігін салдырдым. Біраз уақыт өтті, иньекция орны ауырып тұрған жоқ. Өзімді жақсы сезініп отырмын.