432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында карантин жеңілдейді

  • 138
  • UPD: 20:17, 25.02.2021
Павлодар облысында карантин жеңілдейді

Павлодар облысында карантиндік шаралар жеңілдейді. Жаңа қаулыға сәйкес, шектеу талаптарының кей бөлігі сақталады.

Мәселен, спорттық жарыстар, той мен өзге де адам көп жиналатын бұқаралық іс-шаралар өткізуге болмайды. Караоке, түнгі клубтар сияқты ойын-сауық орталықтарына да рұқсат жоқ. Есесіне театрлар, кинотеатрлар, кітапханалар мен музейлер ашылады. Басты шарт - ғимарат 20 процентке ғана толуы керек. Сауда нүктелері мен үйлер енді демалыс күндері де жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендерінің жұмысына қойылған уақыт шектеуі алынып тасталды. Қоғамдық тамақтану нысандары таңғы жетіден түнгі он екіге дейін қызмет көрсетеді. Жаңа қаулы 27 ақпанда күшіне енеді.

Ғизат Әбешев,  облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі:

- Мәдениет нысандарының қызметіне адам саны 30-дан аспайтын жағдайда рұқсат беріледі. Сыйымдылығы 20%-тен асырмай кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына рұқсат беріледі. Білім беру объектілерінің, қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат беріледі асханаларға және де 2020-2021 жылдарғы оқу жылдың бірінші наурызынан бастап 300 адамға дейін контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде балалар саны 15-тен асырмайтын дәстүрлі форматта оқытылады.

Хабар 24 телеарнасы