Германияның кейбір өңірінде мектептер қайтадан жабылды

Германиядағы муниципалитеттердің бірінде мектептер мен балабақшаларды қайта жапты. Олар ашылғаннан кейін тек төрт күн жұмыс істеген.

Бұған Чехиямен шекаралас аймақта бірнеше мектепте коронвирусты жұқтыру деректерінің тіркелуі себеп болды.

Айта кетер жайт, Саксония індеттен қатты зардап шеккен өңірдің бірі. Бұл аймақта әр 100 мың адамға шаққанда коронавирусты 212 адам жұқтырған. Вирусологтар осындай жағдайда шектеулерді алып тастауға болмайды дейді.

Дегенмен, Германия билігі келесі аптадан бастап карантин тәртібін жеңілдетпек. Дүйсенбіден бастап, шаштараздар мен кейбір дүкендер жұмыс істей бастайды. Алайда мамандар асықпауға шақырып отыр.

Лотар Вилер, Роберт Кох атындағы институттың басшысы: 

- Вирустың британдық мутациясы өте жылдам таралуда. Жұғу қабілеті жоғары бұл штамм жас пен кәріге бірдей қауіпті. Сол себептен пандемиямен күресу қиындап кетті. Вирустың таралуын бәсеңдету үшін барлық шараларды сақтау қажет. Әйтпесе індеттің үшінші толқынына тосқауыл қоя алмаймыз.