Шымкенттегі балықтардың қырылуы туралы сараптама нәтижесі белгілі болды

Шымкенттегі балықтардың қырылуы туралы сараптама нәтижесі белгілі болды. Балық өлекселерін тексерген зертхана қызметкерлері паразиттер мен радиацияға да қарсы талдау жасаған.

Алайда қауіпті ештеңе таппаған. Балықтың жаппай қырылуының нақты себебін айту үшін су сынамаларының нәтижелері де қажет. Ол әзірге дайын емес. Ал сарапшылар өзендегі судың күрт төмендеуінен маринкалар өліп қалуы мүмкін деген де болжам жасады.

Бауыржан Саржанов, ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының бөлім басшысы

- Балықтан проба алдық. Пробаны республикалық зертханаға өткіздік. Сол нәтижесі бойынша ешқандай жұқпалы аурулар, радиология мен паразитологияға тексерілді. Ешқандай ауру белгілері болған жоқ. Біздің жорамалымыз бойынша сол жауыннан судың көлемі үлкейіп шетке қарай су тасып сол балықтар содан қалып кеткен болуы керек, жорамал осы.