Алматыда экологиялық журналистика курстары басталды

Экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы салада маманданған журналистер үшін арнайы курс ұйымдастырды. Қатысушылар экологиялық мәселелерді көтеру, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату, қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша білім алады. Курстар министрлік пен университет арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде жүреді.