Елорданың халықаралық әуежайы өз жұмысын бастады

Қазір ұшу-қону жолағы ашық.

Дегенмен әлі де кейінге шегерілген рейстер бар. Әуежайдың баспасөз хатшысы Ануар Шәлекеновтің хабарлауынша, ғимаратта жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір 8 рейс кешіктірілуде. Рейстер туралы мәліметті әуе компанияларының колл-орталықтарынан білуге болады.

Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жабылған болатын.