Ақтөбедегі бірқатар қоғамдық орын санитарлық талаптарға бағынбай отыр

Ақтөбедегі бірқатар қоғамдық орын санитарлық талаптарға бағынбай отыр

Қатерлі дертке шалдыққандардың көбеюіне қарамастан Ақтөбедегі бірқатар қоғамдық орын санитарлық талаптарға бағынбай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы мониторингтік топ соңғы бірнеше күн ішінде 20-ға жуық осындай дерек анықтаған. Ескертулерді елемей отырғандардың дені мейрамханалар мен түнгі демалыс орындары. Жабық ғимарат ішіндегі балалардың ойын алаңдары да 22 наурыздан бастап жұмысын тоқтатуға тиіс болатын. Алайда қызметін жалғастырып отырған нысандарды арнайы бақылаушы топ өкілдері анықтады. Қазір Ақтөбе облысындағы қауіп деңгейі «сары» аймаққа баланған. Мұнда соңғы тәулікте қауіпті дерт жұқтырған 54 адам анықталды.

Қайрат Есенжолов, қала әкімі аппараты бөлімінің бас маманы:

- Біздерде мейрамханада 150 адамды жинап, үйлену тойын өткізді. Видеофиксация жасалды. Ішкі істер органдары қызметкерлері шақыртылды 102 желісі бойынша. Содан соң той таратылды. Және ол материал уәкілетті органға жолданды.