Интернеті нашар операторлар қатаң жазаланады

Елімізде нашар интернет таратқандарға жаза күшейтіледі. Оларға салынатын айыппұл көлемі 10 есеге дейін өсуі мүмкін.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі осылай деді.

Бағдат Мусин заңға енетін өзгерісті Парламент мақұлдаса, байланыс операторлары шикілік үшін кемінде 2 миллион теңге төлейді. Биылдан бастап елімізде интернет сапасының арнайы стандарты бекітілген. 4G ұстайтын жерде интернеттің жылдамдығы секундына 5 мегабит болуы керек. Ал 3G-дің жылдамдығы бір жарым болуы шарт. Егер бұдан төмен болса, операторлар жауапқа тартылады.