Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 194 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 194 мыңнан асты

Елде коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар қатары 194 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Алматы тұрғындары белсенді. Мұнда «Спутиник V-дің» алғашқы дозасын 44 мыңдай адам салдырған. Елорда мен Түркістан өңірінің жұрты да қауіпті дерттен вакцинаның көмегімен қорғануды жөн көреді. Екі облыста көрсеткіш 17 мыңға жетеғабыл.

Айта кетейік, алдымен қауіптің алғы шебінде жүргендер мен міндетті санаттағы азаматтар екпе алады. Ал 2 сәуірден бастап елде халықты жаппай вакциналау науқаны жүріп жатыр.