СҚО-да бензин тағы қымбаттады

Бүйірден қысқан қымбатшылық. Солтүстік Қазақстан облысында жанармай тағы да қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бензиннің бағасы соңғы бірнеше айда үшінші мәрте көтерілді. Қазір жанар-жағармай құю бекеттерінде сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің литрі 178 теңгеден сатылып жатыр. Осыған дейін ол 169 болған еді. Жауаптылар мұны Атырау мұнай-газ зауытының жөндеуге жабылуымен байланыстырады.

Ләззат Ғалиева, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір бізге бензин Павлодардан тасымалданып жатыр. Елімізде екі зауыт ғана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне бұл кәсіпорын да бағаны көтерген. Сондықтан біз министрлікке біздің өңірге бөлінетін бензин көлемін арттыруды сұрап хат жаздық. Әзір жауап күтіп отырмыз. Ал баға қайтадан өз орнына келеді ме, жоқ па ол белгісіз.