Елімізде 29 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

Елімізде 29 655 адам коронавирус инфекциясынан (28 794 КВИ+ және 861 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:

  • 522 адамның жағдайы ауыр;
  • 151 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.