Елде жемқорлық азаймай тұр

Жыл басынан бері осындай айыппен 250-ге жуық адам сотталды.

Оның ішінде 53-і пара алғаны үшін, ал 123 адам ақша бергені үшін жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, ұрлық, алаяқтықпен айналысқан және қызметін асыра пайдаланған 62 адам қамалды. 23-інің бостандығы шектелді. 154 адам айыппұлмен құтылған. Бұл жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді. Онлайн брифинг барысында жыл басынан бері 700-ге жуық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны айтылды. 63 адам ұсталып, 59 адамға үйқамаққа алынған.

Данияр Бекайдаров, ҚР СЖҚІА аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:

– Біздің жұмыста транспараренттілік пен ашықтық алдыңғы орында. Оның ішінде байланыс орталықтарының маңызы ерекше. Кез келген хабарламаға жедел түрде ден қоюда.