Оралда алаяқ зейнеткерді «жылжымайтын мүлік алып беремін» деп алдап соққан

Полицейлер күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам зейнеткерге жер телімін алуға көмектесетінін айтып уәде еткен. Бұл үшін алдын ала 300 мың теңге алған. Кейін хабар-ошарсыз кеткен.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде Орал қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ақша иесіне қайтарылды. Алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК 190-бабы, 1-бөліміне сәйкес тергеу амалдары басталды. Алаяқтың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», – деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.