Елімізде 39 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

Елімізде 39 318 адам коронавирус инфекциясынан (38 889 КВИ+ және 429 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 13 756 пациент стационарда, 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.