Алматы - Нұр-Сұлтан тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Алматы мен елорданы жалғайтын көлік жолының құрылысы 2 жылдан кейін ғана аяқталады.

Біздің арна бағдарламасына қонаққа келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі осылай деді. Берік Қамалиевтың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдың құрылысы 2023 жылдың соңына қарай бітуі тиіс. Ал биыл мердігерлер Балқашқа дейінгі жолды тақтайдай тегіс етпек. Бұл трасса 4 жолақты болады. Вице-министр Қызылорда мен Жезқазған арасында қашан жол салынатынын да айтты.

Берік Қамалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Алматы - Нұр-Сұлтан тас жолының құрылысы 2023 жылы аяқталады. Биыл Балқашқа дейінгі аралықты салып бітеді. Ал Қызылорда мен Жезқазғанның арасын жалғайтын жолдың жобалық-сметалық құжаты дайын. Қажет қаржыны Еурпалық банк пен Азия даму банкі бөледі. Құрылысты биыл бастаймыз деп отырмыз. Жалпы ұзындығы 496 шақырым болатын жолды 3 жылда салып бітеміз.

Сондай-ақ...