427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауылдарды вакцинамен қамтамасыз ету тапсырылды

  • 53
  • UPD: 14:05, 04.05.2021

Вакцина алуы тиіс қазақстандықтардың 15 проценті екпе салдырды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

Ал Премьер-Министр Асқар Мамин иммундау науқанын жылдамдатып, ауыл тұрғындарын вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысының айтуынша, мамыр айында 2 миллионнан астам азаматқа екпе егіледі деп жоспарланған. Айта кетейік, өткен аптада елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 процентке төмендеді. Қазір біз бұл көрсеткіш бойынша әлемдік рейтингте 107-ші орында тұрмыз. 9 өңір әлі де қауіпті аймақтан щыққан жоқ. Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында, Қызылорда және Алматы облысының ауруханалары шамамен 60 процентке толған.

Хабар 24 телеарнасы