Қазақстандық дипломаттар Норвегияда қаза тапқан батырлар рухына тағзым етті

Қазақстандық дипломаттар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Норвегияда қаза тапқан батырлар рухына тағзым етті.

Еске алу шарасы Осло қаласындағы Кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенде өтті. Мұнда 347 сарбазға ескерткіш орнатылған. Ондағы тақтайшада «Норвегия сіздерге алғыс айтады» деп жазылған. Қазақстан елшілігі Норвегияны жаудан азат ету барысында қаза тапқан 67 қазақстандық жауынгердің аты-жөнін анықтаған. Дипломаттар 56-сының жерленген жерін тауып, жақындарына хабар берген.

Сондай-ақ...