Mad MEN тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу айыптары тағылды

Жастар арасында белгілі Mad MEN әншілеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды.

Бір ай бұрын Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін жойған еді. Оған қатысы бар 10 адам анықталды. Ұйымдасқан топты 27 жастағы ер адам басқарған. Олар бір жыл бойы синтетикалық есірткі өндіріп, сатып келген. Топтағы әр адамның өз міндеті болған екен. Қазір Қылмыстық кодекстің 262-бабы, 1-бөлігі мен 2-бөлігінде көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.