Алаяқтар Imanbek-тің атынан криптовалюта сатып жүр

ТМД-дағы алғашқы «Грэмми» иегері қазақстандық DJ Imanbek-тің (Иманбек Зейкенов) есімін алаяқтар криптовалюта сату үшін пайдалана бастаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Иманбек Instagram-да хабарлады. Ол Stories-те атынан криптовалюта сатып жүрген жалған парақшалардың скриншотын жүктеді.

«Алданып қалмаңыздар. Бұл жалған», – деп жазды Иманбек.

Еске салайық, жақында қазақстандық диджей Billboard Awards жүлдесінің иегері атанды. Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін «үздік электрон ән» номинациясында марапатқа ие болды.

Бұдан бөлек Иманбек тағы бір жүлдеге ие болды. Одан қалды жерлесіміздің 50 Cent-тің композициясына ремикс жасағанын да хабарлағанбыз.