427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жаяу жүргіншілерге арналған тағы бір бульвар ашылды

  • 100
  • UPD: 09:37, 02.06.2021

«Жастар» сарайынан басталатын жол жастар музыкалық театрына дейін созылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында жүзеге асты. Жалпы биыл 160 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Жаңа арбат Жақып Омаров көшесінде орналасқан. Мұнда халықтың тынығуына, балалардың шынығуына барлық жағдай жасалған. Балаларға арналған субұрқақтар мен ойын алаңдары да бар.

Қала тұрғындары бульвардың ашылуын асыға күткен секілді. Әсіресе, бүлдіршіндер субырқақа қуанып, мәз-мейрам. Енді Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейінгі бөліктегі субұрқақ қайта жаңартылады. «Халықтар достығы» монументінің айналасында жаңа субұрқақ кешені пайда болады. Сонымен қатар жасанды ағын пайда болып, оның бойында су аттракциондары қойылады.

Есет Байкен, Сарыарқа ауданының әкімі:

- Жаңадан салынған бульвар жоспарымызға сәйкес Ә.Мәмбетов көшесімен жалғасып, онда Нұр-сұлтан қаласында ең бірінші жаяу жүргіншілерге арналған көше пайда болмақшы. Осы айдың бірінші декадасында техникалық ашылуы болады.

Әзірбайжан Мәмбетов көшесі қайта түлеп, 5-6 маусымда жаяу жүргіншілер жолы ашылады. Онда шахмат тақтасы, кітап сөресі, ұлттық ойындар алаң және жазғы сахна болады.

Астанадағы жеті қалалық саябақ велосипед және жаяу жүргінші жолдарымен біріктіріледі. Су бетіндегі тақтай жағалау, скейт-саябақ, көше кинотеатры, жаңа қалалық жағажай, спорт павильондары салынады. Жобада Есіл өзенінің бойында ұзындығы 16 шақырымға жуық жаяу жүргіншілер аймағы мен веложол салу көзделген.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы