Ақтөбеде 6 келіден астам есірткі тәркіленді

Ақтөбеде 44 жастағы тұрғыннан ірі көлемде есірткі заты тәркіленді.

Полицейлер оның көлігінен 33 полиэтилен орамасы салынған пакет тапқан. Сараптама жасалып, 1,5 келі марихуана екені анықталды. Ал иісшіл иттің көмегімен күдіктінің жалдамалы пәтерін тескергенде бес келіден астам есірткі заты табылды. Жыл басынан бері 143 қылмыстың жолы кесілген.

Алмагүл Ізбасарова, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

Алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 6 келі 800 грамм марихуана затын құрайды. Яғни жеті мыңнан астам бір реттік доза немесе 4,5 млн теңге соммасын құрайды. Аталған факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.