Петропавлдағы сүт өңдеу зауытында таңбалау жүйесі сынақтан өткізілді

Бұл агроөнеркәсіптік кешені саласының өнімдерді таңбалау жүйесіндегі алғашқы пилоттық жоба.

Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалану жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Көрсетілген және қолдан жасалатын өнім түрлерінің QR-белгісі болмаса, биылдан бастап дайындаушы елден тыс жерлерде сатылмайды. Штрих-кодта өнім жайлы барлық ақпарат егжей-тегжейлі жазылады. Тұтынушы бұл ақпараттың барлығын бірден смартфонының көмегімен QR код арқылы таныса алады. Ал QR-кодтар тек тіркелген кәсіпорындарға ғана беріледі.

Алмас Маралов, ҚР Тауарларды таңбалау жүйесі бірыңғай операторының серіктес компания директоры:

− Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бизнес үшін өте пайдалы және бірқатар артықшылықтары бар. Айталық, нарыққа жалған өнімдер шығаратын заңсыз тауар өндірушілермен бәсекелестік мәселесі шешіледі. Сүт өнімдерін таңбалаудың бірнеше мақсаты бар. Штрих-кодта өндірілген орны мен күні, жарамдылық мерзімі, өнімді сауда кәсіпорындарына жіберу уақыты және тағы басқа тауар туралы ақпарат қамтылады. Тұтынушы бұл ақпараттың барлығын смартфонның көмегімен QR код арқылы оқи алады.