424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 3 әуежай салынады

  • 164
Атырау облысында 3 әуежай салынады skc.kz

Атырау облысында 3 әуежай салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың айтуынша, жеңіл ұшақтар мен санитарлық авиацияны қабылдайтын әуежайлар Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой аудандарында ашылады.

«Нақтылай айтқанда, Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылы мен Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында пайда болады. Үш әуежай «Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және ықпалдастыру – 2020» бағдарламасы аясында салынады. Нысандардың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Алғашқы әуежайдың құрылысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында салынады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 72 миллион теңге қарастырылған», – дейді Қ.Нұртаев.

 

Хабар 24 телеарнасы