«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау аяқталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2700-ден астам өтінім қабылданды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Еліміздің өңірлерінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биылғы жаңа ережелерге сәйкес, өтінімдерін тек отбасылардың өздері ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар берді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты атағы қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 17 үздік отбасыға беріледі. Бұрын республикалық деңгейде бір ғана отбасы жеңіске жететін. Биылдан бастап өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған барлық 17 отбасыға конкурс лауреаты атағы беріліп, тең марапатталады.