А. Мамин: Ел экономикасы қайта қалпына келіп жатыр

Былтыр елде іскерлік белсенділік айтарлықтай төмендеген.

Соның салдарынан республикалық бюджеттің атқарылуында да кемшіліктер көп болды. Бұл туралы бүгін Парламенттің бірлескен отырысында айтылды. Заң шығарушы органда үкімет басшысы Асқар Мамин есеп берді. Министрлер кабинетінің мәліметі бойынша, жалпы ішкі өнім 2,6 пайызға төмендеді. Карантиндік шаралардың енгізілуінен көбіне қызмет көрсету саласы зардап шекті. «Дегенмен экономиканың нақты секторы 2 процентке өсті», – деді үкімет өкілдері. Бюджет түсімдері 12 трлн 49 млрд теңгеге жетті. Ал Шығыстар 14 трлн 234 млрд теңгені құрады. Премьер-министр биыл ел экономикасы қайта қалпына келіп жатқанын айтты. Өңдеу саласы өсім көрсеткен. Бюджеттік жобалар да сәтті жүзеге асырылуда.