Шымкенттегі шағын ауданда коммуналдық мәселелер шешімін тапты

Шымкент қаласының іргесіндегі «Нұршуақ» шағын ауданы осы уақытқа дейін суды тасып ішіп, жарықсыз күнелтіп келген еді. Көгілдір отынның да мәселесі мұндағы халықты өркениет игілігінен айырған

Қазір бұл «Нұршуақтың» өзекті мәселелерінің барлығы артта қалып, кезең-кезеңмен шешімін табуда. Әуелі тұрғындарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, құбыр тартылды. Енді іргедегі «Асар» шағын ауданынан «Нұршуақ» шағын ауданына дейінгі магистралды су құбырының жұмысы аяқталса,, елді-мекен халқы түгел ауыз суға қосылады. Қазір электр жүйесі 4 көшеге жүргізіліп, 234 үй жарықпен қамтылған.

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі:

– Бұл мәселенің шешілмегеніне жоқ дегенде 10 жыл болды Жалпы қазіргі кезде ауыз суға 100 шақырым ішкі орамның өзіне 3 млрд 985 млн теңге қаржы бөлінді. Ол биыл толығымен бітеді. Сонымен қатар біз «Көмеш бұлақтан» 25 шақырымнан қосымша магистралды құбырлар алып келіп жатырмыз.

Рахманберді Ешімов, «Нұршуақ» шағын ауданының тұрғыны:

– Қараша мен желтоқсанда жаңағы су кіреді деді. Оны растап отырған сол бөлімнің басшысы сіздердің алдарыңызда айтты. Электр энергияны да айтты, жолды да айтты, газды да айтты,сол себептен бұдан былай желтоқсан айын күтейік.