Зейнетақы жинағын ЭКҰ жасату үшін алуға рұқсат берілуі мүмкін

Зейнетақы жинағын балалардың еміне, ЭКҰ жасату мен санатория қызметін төлеу үшін алуға рұқсат берілуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрілігі құзырлы органдарға осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа құжатта заңды тұлғалар мен сырқат балалардың туыстарының зейнетақы жинағын пайдалану тәртібі қайта қарастырылған. Сондай-ақ зейнетақы жинағымен есеп айырысуға болатын медициналық қызмет түрлері көбейіп отыр. Атап айтсақ, ел аумағындағы курорттар мен санаториялардағы ем-дом, генді-инженерлік терапия, онкологиялық аурулар кезіндегі CAR-T жасушалы терапия, жасанды ұрықтандыру үшін қолдануға рұқсат сұралуда.