Елорда тұрғындары ақжарма тілек айтып, елге амандық тіледі

Елордалықтардың дені қала күнінде саябақтарға келіп серуендеді.

Баласын ертіп жүрген жұрт қарасы қалың. Індет қайта өршіп, қала күні кең ауқымда тойланбай қалды. Бірақ бұл олардың ұнжырғасын түсіре қоймады. Тұрғындар ақжарма тілек айтып, елге амандық тіледі.