Вакцина алыс-беріс тауарына айналмауы тиіс – БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы

Коронавирусқа қарсы вакцина алыс-беріс тауарына айналмауы тиіс. Арнамызға эксклюзивті сұхбат берген БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті Волкан Бозкыр дүние жүзіндегі екпе үлестіру процесіне қатысты пікірін білдірді.

Бозкыр мырза жеке мемлекеттердің өздігінен вакцина таратуына түбегейлі қарсы екенін жеткізді. Өйткені бұл дипломатиялық тұрғыдан түрлі дау тудыруы мүмкін. Яғни әлем халқын вакцинамен қамту жолында сауда қатынасының ұстанымын қолдану немесе саяси пайданы көздеуге жол берілмегені абзал. Шілде айындағы статистикаға сәйкес, әлем халқының 20 процентін қамту үшін екпенің жеткілікті мөлшері жасалды. Алайда вакцина жаһан елдеріне біркелкі таралып жатқан жоқ. БҰҰ COVAX бағдарламасын қолға алған еді. Мақсат – жыл аяғына дейін вакцинаның 2 млрд 300 млн дозасын жаһан елдеріне теңдей үлестіру.

Волкан Бозкыр, БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы:

– Бұл мәселе жүйелі түрде, яғни саяси тұрғыда емес, ғылыми тұрғыда негізделген шешімін табуы тиіс. COVAX осыны көздейді. Менің ойымша, әлем елдері вакцина өндірісімен қатар артылған үмітті де ақтауы тиіс. Оған қоса, қай вакцина дұрыс, қайсысы бұрыс осыны анықтау үшін де сенімді институтқа иек артқанымыз жөн. Алайда бұл саяси ұстанымға байланысты емес,  ғылыми тұрғыдағы тұжырымға негізделуі шарт.

 

Сондай-ақ...