Таразда тәртіп сақшылары 150 адам қатысқан жасырын тойды тоқтатты

Таразда карантиндік шектеулерге қарамастан 150 адамға арналған той өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп бұзған думанды отырысты мобильді топ анықтады. Той иесіне қатысты хаттама толтырылып, оны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Жалпы аймақта жыл басынан бері карантинді бұзғаны үшін облыс тұрғындары мен бизнес өкілдеріне 44 миллион теңге айыппұл салынған.

Сондай-ақ...