Қостанай облысында карантиндік шаралар күшейтілді

Ковид жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты, Қостанай облысында қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Облыстық бас санитарлық дәрігердің бүгін жарияланған қаулысына сәйкес, сенбі, жексенбі күндері қалаішілік автобустар қозғалысы тоқтатылады.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін қысқарды.

«Ашық» жобасына қосылғандарға кешкі сегізге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Ертеңгі Құрбан айт мерекесін де дәстүрлі жолмен емес, онлайн форматта атап өту ұсынылды.

Владимир Нечитайло, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Ашық, жабық азық-түлік базарлары демалыс күндері жұмыс істемейді. Мұндай шектеулер сауна, СПА-орталық, бассейн, жабық спорт нысандарын да қамтиды. Тек Ашық жобасына кіргендерге қана жеңілдіктер бар. Ал аквапарктар жұмысын толық тоқтатады.