Шымкент екі аптадан бері «қызыл аймақтан» шыға алмай тұр

Шымкент қаласы да екі аптадан бері қызыл аймақтан шыға алмады. Өткен тәулікте 488 адам вирус жұқтырды.

Қазір инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 200-ге жуық науқас емделіп жатыр. Дертке шалдыққандардың арасында жүкті әйелдер де бар. Яғни 121 ана ем алуда. Оның екеуі ауыр жағдайда. 

Бақытжан Позилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ахуалдың нашарлауына байланысты жұмыстардың барлығы күшейтілді. Ауруханалардағы, емханалардағы, жедел жәрдемдегі жұмыстардың барлығы күшейтілді. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің барлығы қазір күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс жасап жатыр.