Өскемендегі машина жасау зауыты жұмысшыларына 46 млн теңге қарыз

Өскемендегі машина жасау зауытының жұмысшылары маусым айынан бері еңбекақыларын ала алмай жүр.

Кәсіпорынның 387 жұмысшыға берешегі бүгінгі күні 46 миллион теңгеге жеткен. Зауыт басшылығы жалақының уақытында берілмеуін кәсіпорынға тапсырыстың болмауымен байланыстырады. Бұрғылау жабдықтары мен металл конструкцияларын шығаратын ірі өнеркәсіптік кешен бүгінде тоқтап тұр. Қазір тек бір ғана механикалық жинау цехы ғана жұмыс істейді. Қалғаны шикізаттың жоқтығы мен тапсырыстың тапшылығынан баяғыда жабылып қалған. Дегенмен зауытқа иелік етіп отырған инвесторлар өндірістің экономикалық жағдайын түзетіп, бір апта ішінде жалақы қарызын түгел өтеуге уәде беріп отыр. Өндірістің құрылтайшылары зауытты 2015 жылден бері қайта жаңғыртуға көшкен. Тіпті ол үшін зауытқа индустриялық жоба бойынша республикалық бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінген. Бірақ кәсіпорын әлі толық іске қосылмай келеді.

Талғат Жауымбев, зауыт жұмысшысы:

- Бізге соңғы үш айда 25 мың теңгеден аванс ретінде берді. Электр қуатын бір күн төлмей көріңіз, өшіріп тастайды. Азық-түліктің бағасы күн сайын өседі. Қазір қарызға белшеден баттық.

Ғалия Тоқтасынова, мемлекеттік еңбек инспекциясы облыстық басқармасының бөлім басшысы:

- Маусым айында 46,2 миллион теңге бүгінгі күнде жалақы берешегі бар. Осы аптаның ішінде төлейміз деп отыр. Басқармаға зауыттың 256 жұмысшысынан еңбек заңнамасының бұзылуы, оның ішінде еңбекақының уақыты төленбеуі жайында бізге арыз келіп түсті. Ол үшін жоспардан тыс тексеріс тағайындалып, еңбек инспектолары тексеріп жатыр.