Елорданың су айдындарында 52 адам суға кеткен

Бүгін елордалық ТЖД шомылу маусымының өтуі туралы брифинг өткізді және азаматтарға қауіпсіздік ережелері туралы еске салды, деп хабарлайды Хабар 24.

Спикер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген сөз сөйледі.                                                        

«Шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент алдын алу және тәжірибелік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.                                                                                     

Стихиялы жағажайларда күн сайын халықтың қауіпсіздігін бақылайтын ЖҚЖ (Ақбұлақ, Триатлон, Шұбар, Газмашаппаратура, Қарасу, Нұра-Есіл арнасы) қалқымалы бекеттері қойылды.Сонымен қатар, азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері күн сайын акваторияның аса қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізеді (50-ден астам адам түседі), оның барысында халықпен әңгімелесу жүргізіледі және судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдері таратылады.

Есепті кезеңде 7 бейнеролик әзірленді және шығарылды, олар қала әкімдігінің сайтында және ведомстволық әлеуметтік желілерде орналастырылды, теледидарда 9 сөз сөйлеу, 4 брифинг, эфирлік радиохабар күніне 5 рет (26 мамырдан), баспа басылымдарында 10 мақала, ақпараттық агенттіктерде және әлеуметтік желілерде 60 мақала шығарылды. Су айдындарында 211 белгі, 20 жүзбелі тыйым салу белгісі және 29 ақпараттық стенд орнатылды.

Бүгінгі күні елорданың су айдындарында адамдардың қаза болу статистикасы 8 адамды құрайды, оның ішінде 4 жасөспірім. Адамдардың қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тіркелген»    

Сондай-ақ, ол кейінгі бес жылда Нұр-Сұлтан аумағындағы су айдындарында тіркелген қайғылы оқиғалардың стастистикасын бөлісті.

«2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 5 адам қаза тапты. Соңғы 5 жылда өлім статистикасы 52 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 12 бала болған. 2017 жылы – 17 адам (оның ішінде 2 бала), 2018 – 19 адам (оның ішінде 9 бала), 2019 жылы – 7 адам (оның ішінде 1 бала), 2020 жылы – 5 адам, (балалар жоқ) суға кеткен. Жоғарыда айтылғанның негізінде елорданың барлық тұрғыны мен қонақтарын су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды су айдындарына жалғыз жібермеуге шақырғым келеді», – деді Р. Демеуберген.                                                

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына сақ болуды, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауды , рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауды  және балаларды қараусыз қалдырмауды,оларды су айдындарына жалғыз жібермеуді кезекті рет еске салады.