Қазақстанда халықтың 59%-і вакцина алды – А.Цой

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі COVID-19-бен ауыруға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды.

Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың айтуынша, әлемде COVID-19-бен ауыру мен өлім-жітім бойынша жағдай әлі де тұрақсыз болып тұр. Соңғы мәліметтер бойынша әлемде КВИ-дің 204 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 4,3 млн-нан астам адам қайтыс болды.

Жағдайлардың жоғары саны Америкада 78 млн-нан астам (77 904 346), Еуропада 60 млн-нан астам (60 771 066), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 38 млн-нан астам (38 834 151), Шығыс Жерорта теңізі елдерінде 12 млн-нан астам (12 887 451) тіркелген. Сонымен қатар соңғы аптада аурудың ең көп өсуі Жапонияда байқалды, онда бір апта ішінде ауру 98%, Израильде 75%, Әзербайжанда 69% өсті. Қазақстанда бір апта ішінде өсім 10% құрады.

«Қазақстанда дельта штаммының анықталуына байланысты шілде айында сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді, бірақ тамыз айының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық өсімінің баяулауы және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады», - деп атап өтті А.Цой.

Оның айтуынша, 1 тамыздан бастап ҚР-да таралу индексі 1,11-ден 1,01-ге дейін 9% төмендеді, Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш бірліктен төмен, Алматы қаласында R саны 19% төмендеді (1,19-дан 1,0-ге дейін).

Өңірлер бөлінісінде күнделікті төсек-орындардың жүктелуі мониторингіне сәйкес осы жылдың 11 тамызындағы жағдай бойынша 328 медициналық объектіде барлығы 55 658 инфекциялық төсек-орны бар, республика бойынша 54% толы. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек саны 4 969 құрайды, олар 45% толы.

Эпидемиологиялық жағдай қиындаған жағдайда 7 419 инфекциялық төсек резерві бар.

Вакциналауға келер болсақ, бүгінгі таңда 1-компонентті 5,9 млн жуық адам, тиісті халықты қамту 59% құрады, 2-компонентті 45,2% вакцина алуға тиісті халықты қамти отырып, шамамен 4,5 млн адам алды. Бірінші дозамен вакциналаудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында (33,1%) байқалады. Өңірлер вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Вакциналарды жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

«Вакциналау тиімділігін бағалау кезінде сырқаттанушылардың 99,9% вакцина алмағандар екені анықталды, бұл ретте вакцина алғаннан кейін сырқаттанғандардың үлесі небәрі 0,1%-ті құрады», - деп атап өтті А.Цой.

Оның айтуынша, вакцина алмағандар арасында CОVID-19-дан өлім-жітімнің үлес салмағы 97,7%-ті құрады, ал вакцина алғандар бойынша көрсеткіш 2,3% құрайды, оған қоса вакцина алғандардың ауыр созылмалы аурулары болған. Бұл фактілер, министр атап өткендей, COVID-19 ауыр салдарының алдын алуда вакцинаның тиімділігі барын тағы да дәлелдейді.

«Эпидемиологиялық ахуалды, дельта штамының таралуын және вакцинамен қамтуды ескере отырып, бағалау болжамдарына сәйкес біз оптимистік сценарий бойынша әрекет етіп келеміз», - деді А.Цой.

Министр атап өткендей, вакциналау еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға оң әсер етіп жатыр және өңірлердің әкімдіктері осы мәселе бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруы қажет.

 

Сондай-ақ...