Жамбыл облысында балық қырылып жатыр

Жамбыл облысында өзендерде судың аздығынан көлдер тартылып балық қырылып жатыр.

Талас ауданындағы Старица көліне тамшы су түспей тұр. Салдарынан деңгейі төмендеп балықтар өле бастады. Айдынға суды Талас өзені құяды. Алайда оның бойына бақша еккен шаруалар бар суды пайдаланып отыр. Мына кадрларды балықшы түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген. Су бетінде қалқып жүрген өлі балықтар анық көрінеді. Көлді жалға алып отырған шаруа жағдайдың күннен күнге нашарлап бара жатқанын айтады. Ал мамандар биылғы қуаңшылықты алға тартып отыр. Қырғыз елінен келетін ағын судың мөлшері жылдағыдан аз түсіп жатқан көрінеді. 

Ерболат Таматаев, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда мүлдем судың азайып кеткені Талас ауданындағы Старица көлі. Жамбыл ауданындағы каскад Шоқай су айдыны. Әрі қарай қырылатын жағдайы болатын болса, ол су айдыны бекітілген. Оның міндеті сол өзінің бекітілген су айдынында құтқару жұмысын жүргізу. Көмектесетін жағдай болатын болса бізден сұраныс алады.