Теңіз кенішінде вахталық ауысым тоқтатылды

Теңіз кенішінде вахталық ауысым тоқтатылды

Атырау облысында да жағдай мәз емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күнде 470 адамнан вирус анықталды. Осыған байланысты Теңіз кенішінде жұмысшылардың вахталық ауысымы тоқтатылды. Былтыр дәл осы өндіріс орны індет ошағына айналып еді. Кеніште жұмыс тоқтамайды. Тек карантин талаптары күшейтіледі. Қазір ондағы инфекциялық стационарда 409 адам ем қабылдап жатыр.

Айнагүл Сәрсенғалиева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Теңіз кен орнында соңғы тәулікте коронавирус жұқпасының 30 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 4 жағдайда вахталық жұмысы аяқталып, шығу алдында тексерілу кезінде анықталды. 4 жағдай арнайы профилактикалық скрининг кезінде анықталды. 22 жағдайда аурудың клиникалық белгілерімен шағымданып, медициналық көмекке жүгіну кезінде анықталып отыр. Жалпы соңғы екі аптаны салыстырсақ, Теңіз кен орнында коронавирус жұқпасы 16 жағдайға жоғарылап отыр.