Оралда қоғамдық көлік ковидтің таралуына қолайлы ортаға айналды

Батыс Қазақстан облысында тамыз айында қатерлі індетке шалдыққандар саны 39%-ке төмендеген.

Алайда арқаны кеңге салуға әлі  ерте, дейді дәрігерлер. Тек осы айда 29 бала мен 62 медицина маманы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сәйкес, індетті қоғамдық көлікте жұқтырғандар саны өсіп отыр. Автобусқа мінген жолаушылар арасында бетперде кимейтіндер көп. Ал әлеуметтік арақашықтық туралы айтудың өзі артық, дейді сала мамандары. Әзірге аймақ тұрғындарының тек 44 проценті ғана екпе салдырған. Сонымен қатар дәрігерге дер кезінде қаралмай, дертін асқындырып алатындар да азаймай отыр.

Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Тұрғындар арасында өз бетімен емделетіндер көп. Кейбір жекелеген мамандар науқастарға былтырғы хаттама бойынша ем тағайындаған. Ал стационарларда сырқатты коронавирус инфекциясынан емдеу хаттамасына сай келетін дәрі-дәрмек жеткілікті. Жансақтау бөлімшелері заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ...