Алматыда 135 көпқабатты үйдің лифті жаңартылды

Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың мемелекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 135 көпқабатты үйде 300-ден астам лифт жаңартылды.

Бұл жұмысқа жергілікті бюджеттен екі жарым миллиард теңге бөлінген. Бір лифті ауыстыру үшін шамамен 10 миллион теңге қажет. Бұл соманы тұрғындар 15 жылдың ішінде қайтаруы керек. Осы күнге дейін биылға жоспарланған жұмыстың 90 прценті аяқталған. Қаланың тұрғын үй қорында  5600-ден астам лифт болса, соның әлі 400-ге жуығы жаңартуды талап етеді. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасады. Мамандардың пікірінше, тұрғын үйдегі лифтілер 25 жылдан кейін ауыстырылып тұруы қажет. 

Хаден Машқанов, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы:

– Осы 334 лифтінің қазіргі 304-қазіргі кезде ауыстырылды. Отызы қалды. Жылдың аяғына дейін ауыстырылады. Жалпы мемлекеттік бағдарлама бойынша 1243 лифт ауыстырылды. Бұл республика бойынша өте жоғарғы көрсеткіш деп есептесек болады.